Астанада қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды

14 ақпан, 2024 / Меруерт Сағымхан
CTS
Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы хабарлады.

Елордада күн райының бұзылуына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап

«№ 315, 316, 317, 327 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы ауа райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.

Тэгтер:

Қала Астана Автобус Қоғамдық көлік