Шымкентте ер адам өзін өртеп жібермек болды

14 ақпан, 2024 / Меруерт Сағымхан
kraski-net.ru
Ер адам басындағы дауды осындай жолмен шешпек

Шымкентте ер адам үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жібермек болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, ол Жиделібайсын-Гагарин көшелерінің қиылысындағы «Шайгүл» тойханасының шатырына шыққан.

Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, жедел жәрдем және полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов келді.

Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, ер адам басындағы дауды осындай жолмен шешпек. Яғни, оған тиесілі тойхананы одан тартып алуға тырысып жатқан көрінеді.

Тэгтер:

Шымкент Полиция өзін өртеу