Әлемдегі ең мықты үш боксшы анықталды
Атаев әлемдегі ең мықты үш боксшыны атады.
Жеңілмеген ресейлік боксшы Шарабутдин Атаев әлемдегі ең мықты үш боксшыны атады. Бұл туралы turkystan.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Кроуфорд, Усик және Бивол, – деді Атаев «Чемпионатқа» берген сұхбатында.
Теренс Алан Кроуфорд — жеңіліс көрмеген американдық боксшы. Ол 40 айқас өткізіп, соның 31-ін нокаутпен аяқтаған.
Украиналық Александр Усик карьерасындағы 21 айқастың бәрін жеңіспен аяқтады (14 нокаут).
Дмитрий Бивол – жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ресейлік былғары қолғап шебері.