Қоғам

Ақтауда өрттен зардап шеккен шетел азаматы ауруханаға жеткізілді

Оның жағдайы ауыр екені белгілі болды.

Ақтаудағы кешкі уақытта көлік дөңгелегін жөндеу цехында өрт шығып, шетел азаматы күйіп қалған. Оқыс оқиға кешкі уақытта болған, өрт сөндіру қызметі дер кезінде келіп жеткен.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт біраз аумаққа тарағанын жеткізді. Бұдан бөлек, өрт кезінде термиялық күйікпен Өзбекстан Республикасының азаматы ауруханаға жеткізіліп, оның жағдайы ауыр екені белгілі болды.