Екі қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысады

14 ақпан, 2024 / Анель Жарылғасын
Olympic.kz
Чемпионат 1-3 наурыз аралығында өтеді.

Шотландияның Глазго қаласында жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Олар – Давид Ефремов пен Надежда Дубовицкая.

Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, Дубовицкая биіктікке секіружен бақ сынайды.

Әлемдік сын 1-3 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетелік, былтыр Надежда Дубовицкая әлемдік сында үздік үштікке енген еді.

Тэгтер:

әлем чемпионаты спортшы жеңіл атлетика