Жаңалықтар

Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне жағымды жаңалығын бөлісті

Instagram / @kudaibergenov.dimash

Өнер иесі мамыр айында Ыстамбұлда жеке шығармашылық кешін өткізеді.

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Түркияда жеке концертін беретінін мәлім етті.

«Құрметті достар! Биыл 24 мамырда «Stranger» сапарының аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында менің жеке концертім өтеді. Мен шығармашылықты жаны сүйетін, мейрімді жандармен бірге ән саламыз деген ойдамын», - деп жазды әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.