Жаңалықтар

Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1 курс кадеті қайтыс болды

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім болды.

13 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өзіне оқ атып, мерт болды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім болды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.