Еліміздің 11 облысында 46 жол учаскесі жабылды
Бұл туралы ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметі мәлімдеді.
14 ақпан сағат 06:00-де қолайсыз ауа райына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында — 15 учаске Ақтөбе облысында — 4 учаске Шығыс Қазақстан облысында — 1 учаске Жамбыл облысында — 1 учаске Жетісу облысында — 1 учаске Қарағанды облысында — 3 учаске Қостанай облысында — 6 учаске Қызылорда облысында — 3 учаске Павлодар облысында — 1 учаске Солтүстік Қазақстан облысында — 9 учаске Түркістан облысында — 2 учаске Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 347 жолшы жұмылдырылған.