Жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаевтың ауырып қалғаны белгілі болды

Instagram.com / m_besbaev

Мейрамбек Бесбаев Ринат Зайытовтың концертіне қатысуына санаулы сағат қалғанда ауырып қалған.

Белігілі эстарда әншісі Мейрамбек Беспаевтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. 

«Revue News» бағдарламасының мәліметіне сәйкес, өнер иесі сырқаттанып тұрса да, өнердегі досы Ринат Зайытовтың жеке шығармашылық кешіне қатысқан.

Айтыскер ақынның концертіне санаулы сағаттар қалғанда әншінің денсаулығы сыр берген. Өнер иесі күтіп отырған қалың көрерменді ескеріп, дәрігерлерден жарты сағатқа сұранып, поэзиялық кеште төбе көрсетті. Оның үстіне айтыскер ақын – әншінің ел аузында жатталған талай хит әндерінің авторы.