Жаңалықтар

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы turkystan.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.