Қызылорда облысында көліктердің жүруіне шектеу қойылды
Шешім Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты қабылданып отыр.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысында көліктердің жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«13 ақпанында Астана қаласының уақытымен сағат 12.45-тен бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1360 шақырым аралығына транзиттік, жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Арал ауданы орталығына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл шешім Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты қабылданып отыр», – делінген Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.