Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 7 жол учаскесі жабылды

KOLESA.KZ

Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты 7 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның алтауы – республикалық, біреуі – облыстық маңызы бар жол.

«Атап айтқанда, республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-246 км, РФ шекарасы – Орал қаласы, МАИ бекеті), Самара-Шымкент (266-392 км, Подстепный – Жымпиты), Самара-Шымкент (392-526 км, Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы), Чапаев-Жалпақтал-Казталов (0-201 км, Чапаев – Казталов), Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы (0-158 км, Казталов – Жәнібек), Атырау-Орал (189-492 км, Атырау облысы шекарасы – Орал қаласы) және облыстық Чапаев-Жаңақала-Сайқын (0-130 км, Чапаев – Жаңақала) жолы жабық. Жолдың жабылу себебі – жаңбырдың салдарынан көктайғақ, кей жерлерде күшті жел, боран», деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде Орал қаласында жаңбыр жауып, көктайғақ болып тұр.