Қоғам

43 жастағы жетісулық ана оныншы перзентін өмірге әкелді

Gov.kz

Жасия Жанатбек "Күміс Алқа", "Алтын Алқамен" наградталған.

Жетісу облысында 43 жастағы әйел 10-шы перзентін өмірге әкелді, деп хабарлады turkystan.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көп балалы ана Жасия Жанатбек жолдасы екеуі 7 қыз, 3  ұл өсіріп отыр.

Бағдар мени Жасия Сарқан қаласында 15 жылдан бері тұрады, 10 бала тәрбиелеп отырған отбасының кенже қызы Ясмин жуырда өмірге келді. Ананың оныншы перзентін өмірге әкелуге Сарқан аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері көмектесті. 

Жасия Жанатбек 1980 жылғы азаматша. Жалпы жүктілік мерзімі қалыпты өтті, оған әйелдің өз көңіл күйін жақсы ұстауы да әсер етеді. Көрсетіліміне байланысты 4 ақпанда кесарево жасалды. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Бүгін оларды үйіне шығардық. Біздің аурухана үшін оныншы перзентін босандырып алу - сирек құбылыс, - дейді аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Ғалия Менисова.

Отбасының тұңғышы Хахида 23 жаста, қазір оның өзі отау құрып, екі баланың анасы болып отыр. Екінші қызы Роза 19 жаста, студент. Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курсында оқиды. Ұлжан, Ұлыхан, Жамбыл мен Айтөре – әлі оқушы, кішілері егіз Имран мен Ясин үш жаста.

Жасия Жанатбек "Күміс Алқа", "Алтын Алқамен" наградталған. Жолдасы Бағдар мал шаруашылығымен айналысады. 

Сарқан аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері дәрігерлер 20-дан астам әйелді аман-есен босандырып, шығарған. Соның 3-еуі - 40 жастан асқан аналар.