«Жүрегіммен сезіп жүрмін»: Белгиялық әйел асырап алған Жәнібек көпшілікке өтінішін айтты
Жәнібек әлеуметтік желіде тағы жазба жариялады.
Белгиялық әйел асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желіде тағы жазба жариялап, жұртты елеңдетіп қойды, деп хабаралды turkystan.kz.
Құрметті әкелер, аналар, ұлдар мен қыздар!
Анам табылса, өзімнің кім екенімді білсем деген арманымның алдағы уақытта орындалатынын жүрегіммен сезіп жүрмін. Осы сұрақтың жауабын табу жолында үлкен іс атқарып жатқанымыз туралы айтқым келді.
Видеодағы суретім 2003-2004 жылдары түсірілген болса керек, бұл Арқалықтан алған алғашқы фото. Бұл фото мені асырап алуға қатысты ресми құжаттарда пайдаланылған.
Сіздерге де сәттілік тілеймін, кездескенше. Сіздер қалай ойлайсыздар? Анамды тез табудың жолы қандай?, - деп жазды ол.