Алдағы күндері 32 градус аяз болады
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
«Қазгидромет» РМК 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, 13-14 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қар аралас жаңбыр жауады, солтүстік облыстарда қатты қар, бұрқасын, көктайғақ болады, сондай-ақ батыста ауа температурасы 5 градус аяз – 5 градус жылы, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда 5 градус аяз – 2 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.
15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан шығып, оның орнын арктикалық антициклон басады. Республиканың солтүстік жартысында аяз болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Елдің қалған бөлігінде температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді.