Қоғам

Щучьеде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Видеодан алынған кадр

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ер адам ұсталып, үстінен іс қозғалған

Щучье қаласында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ер адам ұсталып, үстінен іс қозғалған. 

«Биылғы жылғы ақпанның 10-да Ақмола облысы ПД қызметкерлері Щучье қаласында жанар-жағар құю станциясында жедел жәрдем автокөлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын салған ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің ПД баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, 27 қаңтарда ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.