Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері келіп жетіп, пост қойылды

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді, деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көшкін 11 ақпанда сағат 11.30 шамасында облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолына түсті.

Қар жолды толығымен жауып тастады. «ОблШығысЖол» ЖШС-дан 2 адам және 2 техника тартылды. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері келіп жетіп, пост қойылды.