Жаңалықтар

Алматыдан 849 шақырым жерде жер сілкінді

esquire.kz

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ

Қазақстандық сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. Оқиға Алматыдан 849 шақырым жерде болған, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 11 ақпанда Алматы уақыты бойынша 06:37:07 жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV - 5.3. Тереңдігі – 30 шақырымда.

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.