Жаңалықтар

Ақпанның 11-і күнгі ауа райы болжамы жарияланды

Qazaqstan TV

Көктайғақ, тұман түсіп, желдің күшейеді, елдің батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын болады

«Қазгидромет» ақпанның 11-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа райына антициклон әсер ете бастайды, бұл жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Қазақстанның қалған аумағына циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар өз ықпалын сақтайды, яғни, жауын-шашын жаңбыр мен қар жауады, еліміздің шығысында қатты жауын-шашын болады. Көктайғақ, тұман түсіп, желдің күшейеді, елдің батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын болады.