Жабылған автожолдарда 5 мыңнан астам көлік жиналып қалған

10 ақпан, 2024 / Ақмарал Берекет
Sputnik / Евгений Одиноков
Республикалық автожолдардың 9 учаскесі жабылды

Автожолдардың жабық учаскелерінің блок бекеттерінде 5 мыңнан астам көлік жиналып қалған, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көрінуді шектеу, автожолдарды тазарту, қар көшкіні қаупі) республикалық автожолдардың 9 учаскесінде және 8 өңірде облыстық маңызы бар 27 учаскеде (Ақмола, Абай, Ақтөбе, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Ұлытау) автокөліктердің қозғалысы жабылды.

Тэгтер:

көлік автожол