Спорт

Санжар Тәшкенбай Странджа кубогының финалына шықты

Ол странджа кубогының алтын жүлдесіне таласады

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогында қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

51 келіде ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде жекпе-жек 3:2 есебімен Ташкенбайдың жеңісімен аяқталды.