Жаһан

Алматыдан 270 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Depositphotos

Қазақстанда сезілуі туралы деректер жоқ

«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 6:41-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы 4.2. Эпицентр координаттары 41.21° с. е. 78.77° ш. б. Тереңдігі – 5 км.