Қоғам

Жетісу облысындағы 9 ауылды су шайып кетуі мүмкін

baq.kz

Бірлескен іс-әрекетті пысықтаған құрылымдар жағалаудың 250 метрін бекітіп, табанын тереңдетті

Еліміздің бірқатар аймағында қарлы боран соғып жатса, Жетісу облысында күн күрт жылынып кетті, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірде су шайып кетуі мүмкін деген 31 елді мекен болса, былтыр соның 22-сінде қауіп деңгейі сейілді. Қалған 9 ауылды ТЖД қызметкерлері басты назарда ұстап отыр. Әсіресе Қаратал өзені бойындағы Тастөбе, Қаражиде ауылдарын жіті бақылауға алған. Сала мамандары биылғы оқу-жаттығуды сол маңда өткізді. Арыны қатты өзеннің орта ағысымен секундына 500 текше метр су өтіп жатыр. Бірлескен іс-әрекетті пысықтаған құрылымдар жағалаудың 250 метрін бекітіп, табанын тереңдетті.

Көктемгі су тасқыны ақпанның соңынан сәуірдің ортасына дейін жалғасады. Оның қалай өтетіні ауа райына байланысты. Қазгидромет мәліметінше, таулы аймақтағы қардың қалыңдығы өткен жылмен салыстырғанда төмен. Жердің тоңы да 15 см аз. Су тасу кезеңі қалыпты жағдайда өту үшін өткен жылы тиісті жұмыс атқарылды. Енді тұрғындардан үй жанындағы арықтарды тазалауды сұраймыз, - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.