Қоғам

Ақмола облысында ер адам қонақ үй ауласында асылып қалған

Sputnik / Ксения Воронина

39 жастағы ер адам 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған

Ақмола облысында қонақ үй ауласында суицид жасаған 39 жастағы ер адамның өлімі тергеліп жатыр, деп жазады turkystan.kz Аумақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, биылғы жылдың 7 ақпанында Бурабай аудандық полиция бөліміне Щучье қаласының 56 жастағы тұрғыны хабарласып, күйеу баласын іздеуге көмек сұраған. 

39 жастағы ер адам 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған.

Жоғалған адамды іздеуге Бурабай ауданы мен облыс полициясының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. 

Сонымен бірге оның таныстары мен жақындары сұралды. Ер адамның құмар ойындары мен ставкаға әуестігі анықталды. 

«Бір тәулік өткен соң полиция ер адамның денесін жергілікті қонақ үйлердің бірінің аумағында асылып тұрған жерінен тапты. Қазіргі кезде, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді ведомстводан.