Жаңалықтар

Астана әуежайында 20 шақты рейс кешігіп жатыр

Ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Астана халықаралық әуежайы рейстерге қатысты соңғы ақпаратты ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ұшуға жоспарланған 78 рейстің 6-ы ұшақтың кеш келуіне байланысты кешіктірілуде. 

Сондай-ақ, ұшып келуге жоспарланған 79 рейстің 15-і кешіктірілді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы орын алған жоқ.

Ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.