Шымкентте 12,5 млн қарызы бар жүргізуші әйел анықталды
Көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алған, деп хабарлады turkystan.kz.
Полиция хабарлауынша, Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталған.
Otyrar.kz сайтының мәліметінше, тәртіп сақшылары көлікті Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан.
Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертіліп, ал көлік айыппұл тұрағына қойылды.