Елордада бір тәулікте 250-ден астам жол апаты болды
Бірқатар облыстарда көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді.
Астанада бір тәулікте 250-ден астам жол-көлік апаты болды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ауа райының нашарлауына байланысты (республика аумағында бұрқасын,қатты жел, боран, жаңбыр жауып, көрінудің шектелуі) бірқатар облыстарда көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді. Сонымен қатар ауа райы жағдайына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызметтер жергілікті табиғи жағдайға байланысты күшейтілген нұсқаға көшті. 8 ақпанда бір тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелді, - делінген хабарламада.