Спорт

Футболшыларға бұдан былай көк қағаз көрсетіледі

Заманауи футболды тағы бір жаңашылдық күтіп тұр.

Футболда жақын арада көк қағаздар пайда болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Заманауи футболды тағы бір жаңашылдық күтіп тұр. 

The Telegraph мәліметінше, мұндай қағаз алған ойыншы алаңнан небәрі 10 минутқа қуылады. Бұл жаза қарсыласына қарсы әдейі дөрекі ойнаған, төрешімен сөз таластырған ойыншыларға көрсетіледі.

Дегенмен жаңашылдық барлығына бірдей қатысты қолданылмайды екен. Әзірге көк қағаз әйелдер мен жастар футболында, сонымен қатар төменгі лигаларда сынақтан өтеді.