Жаңалықтар

Қазақстандықтар маска режиміне қайта оралады

Азаматтарға халық көп жиналатын орындарда бетперде кию ұсынылды.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту туралы тиісті Қаулыға қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Inform.kz агенттігінің мәліметінше, облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдарда персонал мен келушілердің медициналық маскаларды қолдануы, антисептиктердің болуы, COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.