Қоғам

Екібастұзда бала кәріз құдығына құлап кетті

Ол мектепке барар жолда ашық құдыққа құлап, бірнеше сағат бойы шыға алмай айқайлаған.

Екібастұзда бала кәріз құдығына құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, жеткіншекті стационарға жатқызу қарастырылуда.

Vita еріктілерінің айтуынша, түстен кейін шамамен сағат үште 2-сынып оқушысы жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.  Ол шамамен сағат 12.40-та үйден шыққан, алайда мектепке жете алмаған. 

Ол мектепке барар жолда ашық құдыққа құлап, бірнеше сағат бойы шыға алмай айқайлаған, алайда оны ешкім естімеген. Құдықтың тереңдігі – шамамен екі метр.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, үйден шақырту түскен. Баланың миы шайқалуы мүмкін және тоңып қалған.