Қоғам

Қарағанды облысында өзіне пышақ жарақатын салған адамды полицейлер құтқарды

Полиция бөліміне қадағалау жасайтын аумақтардың бірінде өз үйінің ауласында ер азаматтың пышақпен жүргені туралы хабарлама түсті.

Қарағанды облысында өз-өзіне пышақ жарақатын салған ауыл тұрғынын учаскелік полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұқар-Жырау ауданына қарасты Ғабиден Мұстафин атындағы кентте орналасқан полиция бөліміне қадағалау жасайтын аумақтардың бірінде өз үйінің ауласында ер азаматтың пышақпен жүргені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден учаскелік полиция инспекторлары Тілектес Маханов пен Қанат Орманбетов барды. 

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері бір қайғылы жағдайдың алдын алды. Жәбірленушінің анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.