Жаңалықтар

Түркістанда өлі табылған екі балаға қатысты тың мәлімет шықты

ашық дереккөз

Зәкиеваның сөзінше, 2 бала анасының қолынан қаза тапқан.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жалдамалы пәтерде өлі табылған екі баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді.

Зәкиеваның сөзінше, 2 бала анасының қолынан қаза тапқан.

«Иманды болсын, періштелер. Қызылорда облысының тумасы, Түркістан қаласына келіп пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды.

Мән-жай анықталуда. Істі тергеумен Түркістан облыстық ПД айналысуда», - деп жазды Зәкиева

Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда жалдамалы пәтерден екі баланың мәйіті табылғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.