Ақмолалық мейрамхана тұтынушыларын жаппай улады
Ақмолалық мейрамхана тұтынушыларын жаппай улады
Ақмола облысында 44 адам астан уланды. Қазір олар жергілікті ауруханаларда ем алып жатыр деп хабарлайды 24.kz.
Алдын ала болжам бойынша, олар Бурабай ауданындағы мейрамханалардың бірінде еттен уланған болуы мүмкін. Себебі «сальмонеллёз» дертіне шалдыққандардың барлығы осыдан бір апта бұрын сол жерде марқұм туыстарының еске алу асында болған екен. Ал, ол жиынға бас-аяғы 200-ден астам адам жиналыпты.
Адамдардың жаппай улануына кінәлі мейрамхана толық тексерілген. Тексеріс нәтижесі анықтағандай, тамақтану орны негізінен жаз мезгілінде тұрақты қызмет көрсетеді. Ал қыста тамақтану орын адам шошырлық. Ыдыс-аяқтары санитарлық талаптарға сай емес. Қызметкерлердің арнайы кітапшаларының мерзімі өткен. Осыған сәйкес, мейрамхана басшылығына 90 мың теңге айыппұл салынған.
Сералы Жолдоспаев, Бурабай аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының жетекшісі:
- Мүмкін ауру болды ма. Мүмкін басқа. Оны біз қазір білмей жатырмыз. Оны анализ жасаймыз. Қосымша анализ жасалу керек. Сосын тағы айтамыз. Қазір 15 адам Бурабайда жатыр. Бәрінің жағдайы жақсы.