Жаңалықтар

8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ашық дереккөз

Қазгидромет 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстіктің таулы аймақтарында, солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар түседі.

Еліміз бойынша, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстік-батыста және солтүстікте бұрқасын болады, дауыл соғады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында күші 30 м/с және одан да жоғары жел тұрады.