Қоғам

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

ашық дереккөз

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қоса алғанда барлығы 14 күн демалады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн қатарынан демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз - демалыс, 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, 21-24 наурыз аралығында демалады.