Жаңалықтар

Кенжебек Нұрдолдай экс-әйелі мен оның ата-анасынан кешірім сұрады

скриншот

Өнер иесі «Көреміз» бағдарламасында әлеуметтік желіге тараған үйлену тойының видеосы рас екенін мәлім етті.

Ерекше даусымен ел ықыласына бөленген зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай жан сырын ақтарды, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама барысында әнші қатесін мойындап, экс-жұбайынан кешірім сұрады.

“Бұл менің қатем болды. Ең бірінші Жәмиланың ата-анасынан және өзінен кешірім сұраймын. Өйткені мен бұл әңгімені олай тиеді деп ойламадым. Бірақ ол кезде 14 қазан күні концертім болуы керек еді. Бірақ бірнеше рет ауыстырылды. Содан кейін күйзеліске түстім. Сол уақытта отбасыдағы кикілжіңдер де шығып, қарбаласып кетті. Ашулы, сабырсыз күйде болдым, осыны тезірек жауып тастау керек болғаннан кейін жалған айта салдым. Аңдамай сөйледім", – деп ақталды әнші. 

Сонымен қатар ол экс-әйелінің қол көтерді деген сөзін жоққа шығарды. 

“Бұл – қисынға келмейтін нәрсе. Шыны керек, мен әйел баласына қол көтеріп көрген емеспін. Біреулер әртүрлі бұрмалайды, Алла көріп тұр, шыным – осы. Әйел адамға ешқашан қол көтермегенмін. Ол кісінің не үшін олай айтқанын түсінбедім. Мойындаймын, өзім бала күнімде өте көп абьюздікке ұшырағанмын. Есейе келе отбасын құрып жатсам, ондай қарым-қатынас жасамаймын деп өзіме уәде бергенмін”, – деп жауап берді өнер иесі. 

Бағдарлама соңында ДНҚ сараптамасы да дайын болды. Сараптама 99,97% дәл көрсетіп, баланың әкесі Кенжебек Нұрдолдай екені расталды.