Қоғам

Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілер төбелесі видеоға түсіп қалды

pavlodarnews.kz

Төбелес Алматы – Бішкек тасжолында болған.

Желіде Алматы маңындағы тасжолда жүргізушілердің бірі екіншісін аямай соққыға жыққан сәтінің видеосы тарады. Бұл жайт Алматы облысындағы тәртіп сақшыларының назарына ілігіп үлгерді, деп хабарлады turkystan.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеодан бір адам көлікте отырған адамды аямай ұрып, көліктен күштеп шығаруға тырысып, жұлқылап жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылардың мәліметінше, төбелес Алматы – Бішкек тасжолында болған. Бұл видео полицейлердің назарына әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде іліккен. Алматы облысының полиция департаменті осы жайтқа түсініктеме берді.

«Екі ер адамның жолдың жүру бөлігінде төбелесіп жатқан сәті түсірілген бейнежазба анықталды. Бұл жайт Қарасай аудандық полициясында бұзақылық фактісі бойынша тіркелді. Төбелескен адамдар анықталды, қазір жанжалға қатысушыларды ұстау шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.