Экономика

Қазақстандықтар қай елге жиі ақша аударады?

Шетелге жөнелтілген қаржы көлемі шетелден түскен қаржы көлемінен 3,1 есе артық болды.

2023 жылы қазақстандықтар халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 961,4 млрд теңге жіберді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ranking.kz сайтының мәліметінше, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7,3% аз. Бұған дейін екі жыл қатарынан шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының көлемі 1 трлн теңгеден асты.

Шетелге жөнелтілген қаржы көлемі шетелден түскен қаржы көлемінен 3,1 есе артық болды.

Қазақстаннан ақша аударымдары жіберілген елдердің ішінде Өзбекстан 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында көшбасшы болды: 264 млрд теңге, дегенмен бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% аз.

Шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі бойынша Ресей көш бастады. Одан Қазақстанға 108,1 млрд теңге жіберілді, бұл 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 3,3 есе аз.