Қоғам

Майқайыңдағы тау-кен жұмыстары қайта жанданды

Павлодар облысы ТЖД

Жұмыс тәулік бойы жүргізілетін болады

Майқайыңдағы тау-кен жұмыстары қайта жанданды. Жұмыс тәулік бойы жүргізілетін болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Жұмыстар қайта жанданды. Тау-кен жұмыстары тәулік бойы жүргізілетін болады. Онда шұңқырдың айналасы арнайы үйінділермен қоршалып, тау-кен инженерлік жұмыстарды жүргізу жобасын дайындау бойынша бірқатар істер атқарылды. Ауыр техниканың көмегімен бүйірлік траншеялар кеңейтіліп, аппарель құлаудың түбіне дейін тереңдей түседі», - делінген хабарламада.

Pavlodarnews.kz сайтының дерегінше, департамент осы жұмыстардың барлығымен кәсіпорын айналысатынын тілге тиек етті. Әрі жер астында қалған қос құтарушыны іздеу жұмыстарын жалғастыру үшін қазір техника опырылған жердің түбіне қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша дайындық шаралары жүргізіліп жатқанын қосты. Жұмыстар аяқтала салысымен іздестіру-құтқару жұмыстары қайта басталады. Дегенмен, төтеншеліктер бұл іске компанияның өзі жауапты екенін атап өтті. 

ТЖД күштері мен құралдары төтенше жағдай орнында, күту режимінде екенін еске саламыз.