Жаңалықтар

«9-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады?

Depositphotos.com

Роман Скляр «9-20-25» бағдарламасы қашан басталатынын мәлімдеді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «9-20-25» ипотекалық бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Отбасы банк» пен республикалық бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру арқылы іске қосылатын болады. Осыған дейін Әлихан Смайылов айтқандай, мәселе пысықталды. Бағдарлама белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады», - деді Роман Скляр Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте.

БАҚ өкілдерінің «Сіз бұл ипотекалық бағдарлама 1 наурызда іске қосылатынын растайсыз ба?» деген сұрағына бірінші вице-премьер басын изеп жауап берді.