Спорт

Футболдан ел құрамасы Армениямен жолдастық матч өткізеді

Құрамалар бұған дейін 7 рет кездесті.

Футболдан Қазақстан құрамасы Армения құрамасымен жолдастық ойын өткізеді.

Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы өзара жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге келді. Қос құрама арасындағы ойын 7 маусым күні, Еревандағы «Вазген Саркисян» атындағы стадионда өтеді.

Қазақстан мен Армения құрамасы бұған дейін 7 рет кездесіп, 4 рет армяндар жеңіске жетсе, 2 рет Қазақстан жеңген еді. Ал бір ойын тең аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 98-орында тұрса, Армения 93-орынға жайғасқан.