Жаңалықтар

Тоқтар Серіков «Көршінің қызы» әні жайлы ел білмейтін оқиғасын бөлісті

ашық дереккөз

Бұл туралы өнер иесі «ХабарLike» бағдарламасында айтты.

Белгілі әнші Тоқтар Серіков өз орындауындағы «Көршінің қызы» әнін алғашында мүлде орындағысы келмеген мәлім етті. 

«Бұл ән дуэтке жатпайды. «Көршінің қызы» менің жеке орындауымдағы ән. Бұл әнді мен орындамауым керек болған. Әнді алғаш Бекжан Әшірбеков әкелген кезде, маған мүлде ұнамады. Содан Ұлықпан Жолдасов «Бұл әннің дауысын жаз. Әншілерге көрсетейік» деді. Содан әнді студияда мен айтып тұрмын. Бір кезде студияға Бейбіт кіріп келе жатыр. «О, мына жерін екеуіміз айта салайықшы» дедім. Ол келді де «Ла-ла-ла, на-на-на-на-нанаа» деген жерін екеуіміз айта салдық. Аяқ астынан болған дүние. Содан кейін әнді тастадым да кеттім.

Ертесіне Ұлықпан аға «Студияға тез кел» деп хабарласты. Бірнәрсе болып қалды ма десем, «Мына әнді сен айтпасаң болмайды. Бір ән өлейін деп тұр» деді. Тыңдасам, ән өңделгеннен кейін әдемі болып шығыпты. Айтсам, айтайын дедім. Бекжан ағаға хабарластық. Ол кісі қуанды. Сол күні радиоға бердік. Ертесіне сол ән хит болды ғой», - деді Тоқтар Серіков.