Экономика

Жамбыл облысында әлеуметтік нан 20 теңгеге қымбаттады

Кәсіпорындар 600-ге жуық жұмысшының жалақысын көтермекші.

Жамбыл облысында әлеуметтік нан 20 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін дүкен сөрелерінде 100 теңгеден сатылса, енді 120 теңгеден саудаланады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған бірнеше себеп бар. Негізгісі - наубайханаларға әкімдік тарапынан беріліп келген дотациялық ұнның ақпан айынан бастап тоқтауы.

Qazaqstan арнасының дерегінше, оның үстіне, нан шығаратын нысандардың әбден тозығы жеткен. Құрылғыларын жаңартып, құрылыс жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ кәсіпорындар 600-ге жуық жұмысшының жалақысын көтермекші. Айта кетейік, былтыр қарашада нан 120 теңгеге қымбаттап, артынша қайта 20 теңгеге түскен болатын.