Бүтін бір отбасын өлтірді деген күдікпен 3 адам ұсталды
Қажетті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданады.
Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығы Айдын Қабдулдинов Жаңа жыл қарсаңында Рабочий ауылында болған үш кісінің өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айттып берді.
Петропавловск.news-тің мәліметінше, кісі өлтіру дерегі хабарланғаннан кейін бірден барлық тергеу-жедел бөлімшесі жұмылдырылған.
Екі сағаттың ішінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іс бойынша үш негізді күдікті бар. Бұл адамдар тергеу изоляторында отыр. Қазір барлық қажетті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жолданады, - деді Айдын Қабдулдинов.