Қазақстандық оқушылар жүзуден Азия ашық чемпионатында 62 медаль алды
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.
Таиланд елінің Бангкок қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы су спортынан Азия ашық чемпионаты аяқталды.
Чемпионатқа 14 елден 896 спортшы қатысқан.
Ал Қазақстан жүзу құрамасынан әртүрлі жастағы 22 спортшы бақ сынады. Оның көбі Қазақстан жасөспірімдер құрамасына кіреді.
«Біздің құрама 62 медаль жеңіп алды, оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 10 қола медаль. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды», - деп мәлім етті Қазақстанның су спорты құрамасы.