Жаңалықтар

«Алтын орда» базарының бұрынғы атқарушы директоры сотталды

Ашық дереккөз

Бұл туралы Алматы облысы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 "Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директорына қатысты сот үкімі шықты.

Базардың экс-басшысына аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сақтап, тасымалдады деген айып тағылды.

"Өткен жылдың жазында "Алматы-Бішкек" автожолында полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатқан. Көліктің артқы орындығында сотталушы "М" есімді азамат отырған. Оны тінту кезінде сотталушыдан ұнтақ сақталған зат тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың нәтижелері бойынша бұл зат психотропты зат болып шықты – салмағы 1,796 грамм болатын мефедрон (аса ірі мөлшерде)", - дейді ведомство.

Прокурор сотталушыны 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ал сотталушы кінәсін мойындамаған және айғақ беруден бас тартқан.

"Сотталушының кінәсі сотта зерттелген ұстау және жеке тінту бейнежазбасы, психотроптық заттың сот-химиялық сараптама нәтижелері, алақанның жуылуы, қолдың тырнақ кесінділері және құрамында психотроптық зат-мефедрон бар джинсы шалбар қалтасының кесіндісі, сот – химиялық зерттеулер арқылы дәлелденді", - дейді облыстық сот.

Сот оның жас баласының барын ескеріп, "Алтын орда" базарының бұрынғы атқарушы директорын 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.