Қоғам

«Шабуыл жасалады»: Павлодарда 22 мың оқушы сабаққа бармаған

Мектептерде оқу әдеттегідей жүріп жатыр.

5 ақпанда Павлодардағы бірнеше мектептің оқушылары сабаққа бармаған, деп хабарлады turkystan.kz.

Baq.kz сайтының мәліметінше, оған себеп 4 ақпан күні Павлодар қаласындағы мектептерде теракті болады деген хабарлама тараған болатын. Павлодардық 23 мыңнан астам оқушының 11 мыңнан астамы сабаққа бармаған.

Қуаныш Қыдыралин атап өткендей, Павлодардағы 43 мектеп түгелдей дабыл түймесімен және аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне немесе күзет органдарының орталықтандырылған бақылау пультіне шығатын 3,6 мың камерамен, орталық басқаруға бейнежазбаны жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Әр тоқсан сайын Ішкі істер және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерімен оқу-жаттығулар өткізіледі.