«7-20-25» бағдарламасы аясында 978,4 млрд теңге қарыз берілді
Ұлттық банктің мәліметінше, 71 952 өтініш түскен.
1 ақпандағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 978, 4 млрд теңге қарыз берілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, 71 952 өтініш түскен.
«Астана қаласынан 25 925 өтініш түсіп, 408 млрд теңгеден астам қарыз берілген. Алматы қаласы 14 542 өтініш түскен. 226 млрд теңгеге жуық қарыз берілді. Ал Шымкент қаласынан 5 374 өтініш түсіп, 66,7 млрд теңге бөлінген», - делінген хабарламада.