«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды
Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде тұр.
«Grp-Ridder-Group» ЖШС жүргізген зерттеу қорытындыларына сәйкес шыңырау түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегені анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Астындағы қуыстар мен бос кеңістіктердің құлау қаупі өте жоғары. Төтенше жағдайлар қызметкерлері тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтады.
«Апатты жою басшысының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Жарқымбеков жұмыс істейтін құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», – делінген өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Осыған байланысты «Майкайыңалтын» АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшы апаттың барлық периметрін тексеру және жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтата тұру туралы қорытынды алу үшін тартылатын болады. Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде тұр.