Жаңалықтар

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді.

Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматыда үшінші теміржол вокзалын салуды көздейтін (ЕТЖ) жобасы таныстырылды. Бұл жоба бұрын жарияланған бірқатар құжатта, соның ішінде Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында және көлік қаңқасының шебер жоспарында көрініс тапқан.

Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді, соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесі азаяды.